Елімізде 2024 жылғы 1 қазанда жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелерінің 2023 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады.
Бұл ретте салық органдары мүлікті меншік құқығында иеленудің нақты мерзімін ескере отырып, жыл сайын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы айқындайтын құн негізінде есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде салықты есептейді.
Салықты ортақ бірлескен меншікте олардың арасындағы келісім бойынша мүлік иелерінің бірі салық төлеуші болып табылады. Егер салық сомасы барлық меншік иелеріне келген жағдайда, төлемді меншік иелерінің біреуі ғана төлейді
Жалпы үлестік меншікте мүліктің барлық меншік иелері осы мүліктегі үлесіне сәйкес салық төлеушілер болып табылады,-дейді мамандар.
Қате төлемдерді болдырмау үшін Мемлекеттік кірістер комитеті kgd.gov.kz сайтындағы "алдағы төлемдер" сервисінде, e-salyq azamat мобильді қосымшасында, сондай-ақ Kaspi.kz және Halykbank банктердің мобильді қосымшаларында көрсетілген деректемелер бойынша төлем жүргізудің бір мезгілде мүмкіндігімен нақты есептелген салық сомасын қарауды ұсынады.
Өткен жылы Шымкентке 450 мыңдай турист келген. Оның 30 мыңға жуығы – шетелдік туристер. Ал статистика департаментінің мәліметі бойынша, 2024 жылдың кейінгі үш айында мега¬полиске сапарлаған саяхатшылар саны 111 мыңнан асқан.
Жалпы, саяхатшылар бірнеше мақ¬сатпен мегаполисті туристік бағыт ре¬тін¬де таңдайды екен. Бұл – біріншіден, киелі орындарға зиярат ету. Бұларға, көбінесе, өзбекстандық туристер бара¬ды. Мәселен, Сайрамдағы Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың әке-шешесі жатқан жер Ибраһим ата мен Қарашаш ана кесенесі бар. Көрші елдің туристері Шымкентке қонақтап, арасында Түркістанды да кө¬ріп қайтады. Сондай-ақ өзбекстандық сая-хатшыларды қызықтыратыны – шопинг екен, яғни дүкен аралау. Себебі көп¬теген әлемдік брендтік киімдер сататын дүкендер Шымкентте орналасқан. Сон¬дықтан өзбек ағайындар бізден келіп қымбат киімдер кигенді, косметика сатып алғанды ұнатады екен.
Қонақүйде жатуы, көлікті пайдалануы, түрлі кәдесыйлар алуы немесе басқа да қосымша сервистерді қосқанда бір турист мегаполистің қазынасына бір күнге 45-50 мың теңге табыс әкелетін көрінеді. Былайша айтқанда, бір туристің бір күндік шығыны шамамен 100 долларды құрайды.
Туристерді қызықтыратын Шым¬кент¬¬тің тағы бір ерекше қасиеті – гастроно¬миясы. Өйткені мегаполисте шығыс асха¬на¬сының исі мен дәмі сезіліп тұрады. Қалада тамақтанудың үш түрлі дең¬гей сатысы бар. Бұл – біріншіден, қымбат мейрамханалар. Мұндағы бір реттік тамақ¬тану¬дың чек бағасы 10 мың теңгеден бас¬талады. Екіншіден, бағасы орта дәмхана¬лар желісі.
Жалпы, «Visit Shymkent» мекемесі туристік саланы дамыту мақсатында қыз¬мет атқарады. Оның ішінде туристерге ақпарат беру, туроператорларды бір-бірі¬мен байланыстыру секілді міндеттерді мойнына алған. Сондай-ақ туриндустрия саласында кәсіп бастап, туроператорлық немесе турагенттік бизнес ашамын деген кісілерге лицензия әперу, құжат рәсімдеу жағынан көмек көрсетеді. Ресми мәлімет бойынша қалада 140-тан аса қонақүй, 100-ден көп туристік оператор мен агенттік бар.