Президент инвестициялық саясатты қайта қарау қажеттігін айтты. Ел дамуының басты драйвері - инвестиция. Шикізатқа тәуелділікті азайтып, өңдеу өнеркәсібі мен жоғары технологияларға басымдық беру қажет деді.


Елімізде инвестиция тартудың жаңа кезеңі басталуы тиіс. Ұлттық қорды тұрақты даму құралы ретінде пайдалану, цифрлық активтердің мемлекеттік қорын құру, цифрлық теңгенің қолданысын кеңейту – жаңа экономикалық модельдің басты бағыттары.


БҰХАРБАЙ ПАРМАНОВ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ

 Мемлекетіміздің басты дамуы - инвестицияда. Бірақ бұл салада әкімшілік кедергілер көп. Инвесторлар құқықтары қорғалмай келеді. Әлемнің дамыған елдерінде мұндай тосқауыл жоқ.


Президент әкімдердің жауапкершілігін арттыратын инвестициялық тартымдылық индексі енгізілетінін айтты. Бұл - өңірлердің нақты даму көрсеткіші болмақ. Енді инвесторларды құқықтық кедергілерден қорғау өңірлік прокуратураларға жүктеледі.