Жұмысшы маман – ел экономикасының тірегі. Қолының ебі мен төзімді еңбегі өндірісті өркендетеді. Солардың бірі – «Назар Текстиль» кілем фабрикасының тоқымашысы Самал Құдайбергенова. Ол 5 жылдан бері қарапайым еңбегімен елге сыйлы болып келеді.
Кәсіпорында мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Фабрика жылына 5 миллион шаршы метрге жуық кілем шығарады. Өнім ішкі нарықпен қатар шетелге де жеткізіледі.
КЕЛЕСБЕК ПОЛАТ, «НАЗАР ТЕКСТИЛЬ» ФАБРИКАСЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ
«Назар Текстиль» сапалы өнім ұсынып қана қоймай, отандық экономикаға үлес қосып отыр. Жүздеген адамды жұмыспен қамтып, әлеуметтік жауапкершілікті де басты назарда ұстайды.
Самал Құдайбергенова осы жерде 5 жылдан бері еңбек етеді. Ол кілемге өрнек салып, қолмен шашақ тоқып, ұлттық нақыш береді.
САМАЛ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА, ТОҚЫМАШЫ
Бұл жерде істеп жатқаныма 5 жыл болды. Арнайы көлікпен келеміз, тамағы жақсы. Біз кілемдердің шашағын қолмен тоқимыз.
«Назар Текстиль» кілем фабрикасы – өндірістік қуатымен қатар, еңбек адамын ардақтаумен ерекшеленеді. Мұндағы әрбір жұмысшы өз ісінің шебері. Ал олардың қолынан шыққан кілемдер қазақ қолөнерінің заманауи жалғасы.