Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы – еліміздің цифрлық өркениетке қадам басуын, экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік дамуды көздейді. Құжат экологиядан бастап мәдениетке дейінгі ауқымды мәселелерді қамтиды.
«Қазақстан цифрлық дәуірде артта қалмауы керек. Цифрландыру – елдің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің басты кепілі», – деді Мемлекет басшысы. Осы мақсатта Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру, «Цифрлық кодекс» қабылдау ұсынылды. Сондай-ақ, мектеп бағдарламасына жасанды интеллект негіздері енгізіледі.
ҚАЙРАТ АНАРБАЕВ, ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ ЖАСТАР САЯСАТЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Президент жасанды интеллекттің тиімді де, қауіпті тұстарын атап өтті. Бұл ең алдымен білім беру саласының жаңа деңгейге көтерілуімен байланысты.
Президент Жолдауда тәрбие мен тазалық мәдениетіне де басымдық берді. «Таза Қазақстан» жобасы бүгінде барлық өңірде дәстүрге айналды.
БЕКДӘУЛЕТ ТАСБОЛАТ, ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МАМАНЫ
Шымкентте жастар ресурстық орталығының бастамасымен сенбіліктер, экологиялық акциялар жиі өтуде. Бұл жастардың табиғатқа жауапкершілігін арттырады.
Қазақстанның болашағы - цифрлық мемлекет құруда. Біз жаңа дәуірдің көшбасшыларының қатарында болуымыз керек», – деді Президент.
Бұл бастамалар қоғамның ортақ мақсатына айналып, жалғасын табары сөзсіз.