Шымкентте 300 электрсамокат айыптұраққа қойылды. Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, көшеде ретсіз қалған самокаттар көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілерге кедергі келтіреді.
Тәртіп сақшылары жол оқиғаларының алдын алу мақсатында рейд жүргізіп, ереже бұзу деректерін анықтаған. Күні кеше Мемлекет басшысының өзі кезекті жолдауында электрсамокаттардың қозғалысына қатысты заң қабылдауды тапсырған. Айта кетейік, жыл басынан бері елде 22 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген.