Шымкентте автокөліктерден шығатын зиянды заттардың мөлшерін анықтау мақсатында «Таза ауа» рейді басталды. Қалалық экология департаменті полиция қызметкерлерімен бірге Темірлан тас жолында тексеріс жүргізді. Мамандар газ анализаторлары арқылы бензин, газ және дизель қозғалтқыштары бар көліктердің шығарындыларындағы көміртегі тотығы, көмірсутектер және түтін деңгейін өлшеді.


 Рейд барысында 22 автокөлік тексеріліп, оның 8-інде газдардың нормадан тыс мөлшері анықталды. Көлік жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Мұндай іс-шаралар «Таза Қазақстан» бастамасы аясында қыркүйек пен қазан айларында еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасады. Экологиялық қызмет тұрғындарға автокөліктерді уақытылы техникалық қызмет көрсету маңызды екенін еске салады.