Шымкенттік каратэшілер Азия Чемпионатынан жүлделі оралды. Қытайдың Шаогуань қаласында өткен жастар, кадеттер және жасөспірімдер арасындағы додаға өңірден 6 спортшы қатысып, барлығы жеңіс тұғырынан көрінді. Жеңімпаздарды жанкүйерлермен бірге күтіп алған тілшіміз Шынар Әуелбай толықтырсын.
Жеңімпаздарды дене шынықтыру және спорт басқармасы, ата-аналары мен жанкүйерлер ерекше қошеметпен қарсы алып, салтанатты шара ұйымдастырды.
ЕРМЕК ДӘРМЕНОВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Кез-келген елге қазақ елінің спортшылары барып ,өзінің спорттық жетістіктерін көрсеткенде осындай ел, жер бар екенін каратэ спортының қарқынды дамып жатқанын біз көрсете білдік
40-тан аса мемлекеттен 1200-ге тарта каратэші бақ сынаған Әлем чемпионатында жерлестеріміз жоғары шеберлік танытты. Әрдайым үздіктер қатарынан көрінетін спортшылар бұл жолы да үлкен дайындық пен табандылықтың айқын үлгісін көрсетті.
ШАТТЫҚ ҚАЖЫМҰҚАН, АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Ақпан айынан бастап дайындалғанбыз. Себебі, Азияға қатысу үшін тек ғана Чемпионат Қазақстана ұту емес, бізде 3 рейтинговый турнир болған. Бірінші еліміздің чемпионаты, екі Халықаралық турнир, сол 3 турнирде кім көп балл жинайды, сол спортшы Чемпионат Азияға барды.Біз жақсылап дайындалдық .
Әлемдік додада ел намысын қорғап, жетістікке жеткен спортшыларымыздың қатарында 61 келі салмақта Құрбанәлі Балнұр І-орынды жеңіп алса, 54 келі салмақ дәрежесінде Ұнталап Айша ІІІ-орынға табан тіреді. Ал, кадеттер арасында Темірхан Айдын ІІІ-орынды жеңіп алды. Жастар арасынан Бәкірова Айжан ІІ-орынды қанжығаласа, Сағынбек Лаура ІІІ-орынға ие болды.
БАЛНҰР ҚҰРБАНӘЛІ, АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
Қарсыластар мықты болды. Ең қиыны финалда жапонның қызымен шықтым. Бірақ намысты қолдан бермей, бірінші орын алдым. Туымызды желбіретіп, әнұранымызды ойнатқаныма және ағайларыма рахмет!
Каратэшілер мұнымен тоқтап қалмақ емес. Ендігі меже әлем чемпионатында топ жаруды көздеп отыр.