«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы Шымкентте кең қолдау тапты. Әр сенбі сайын қала тұрғындары тазалық жұмыстарына шығып, шаһардың келбетін көркейтуге үлес қосуда. Жыл басынан бері экологиялық акцияға 3 мыңға жуық ерікті қатысқан. Президент атап өткендей, қоршаған ортаға ұқыпты қарау – ұлттық идеологиямыздың ажырамас бөлігіне айналып келеді. Шымкенттіктер бұл бастаманы толық қолдап, бірлесе әрекет етуге дайын.