«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу». Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған осы Жолдауын жүзеге асыру – ортақ міндет,-дейді түркістандықтар. Аймақ басшысы жергілікті тұрғындарға Президент Жолдауында қойылған міндеттерді уақытылы әрі сапалы орындауға ерекше мән беруді міндеттеді.


 Жолдау жүктеген жауапкершілікті жүзеге асыру бойынша орынбасарлары мен жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді. Түркістан облысында Жолдаудан туындайтын міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындау мақсатында өңірлік арнайы іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітіледі.


Президент тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу басым бағыт ретінде белгіленіп отыр. Мектептер мен балабақшаларда қауіпсіздікке бағытталған жасанды интеллектке негізделген бақылау жүйесін енгізу көзделуде. IT мамандарын даярлау үшін қыркүйек айының соңында «Woosong Kazakhstan» IT университеті ашылады.


 Түркістанда орталықтандырылған ауыз құбыры тартылмаған 38 елді мекен бар, 192 ауылда ауыз су кесте бойынша беріледі. Кейбір жерлерде су көздерінің дебеті азайған, су жүйелері тозған. Бұл мәселелерді шешу үшін кешенді шаралар қабылдануда. Президенттің 2025 жылға дейін елді мекендерді 100% ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы – басты міндеттердің бірі.