Еркін Рузметов  қаланың бел ортасындағы Уалиханов көшесінің тұрғыны. Оның айтуынша «Иегова куәгерлері» ұлы Константин мен келінін діни ұйымға кіруге үгіттеп, тіпті үйлерін тартып алмақшы болыпты.

Еркін Рузметов – Шымкент қаласының тұрғыны

Она привлекла моего сына и внука Ол менің ұлым мен немерелерімді діни ұйымға кіргізіп алды. Содан кейін менің дүние мүлкімді алып қоюға тырысты. Бір күні менің үйімнің құжаттары жоғалды . Сөйтіп менімен соттасып баспанамды алып қоя жаздады. Қазір үйімді қарындасымның атына жаздырып олардан зорға құтылдым. Алдағы уақытта  осы мәселе бойынша заң органдарына шағымданамын.

Ал,мына азамат  болса 10 жасында ата анасынан айырылып әжесі асырап алған.  Қария діни ұйымға мүше болған екен. 2018-ші жылы әжесі қайтыс болып оның баспанасы заңды мұрагеріне емес өзгенің қолына  өтіп кеткен. Атын атап түрін түстемеуді өтінген жігіттің өзіде сол ұйымда мүшелікте болған.

Шымкент қаласының тұрғыны

Моя бабушка состоялась в одной религиозной организаций... Менің әжем «Иегова куәгерлері» діни ұйымыныңмүшесі болатын. Ол қайтыс болғасын мен далада қалдым. Әжемнің үйі сол діни үйымның қатарындағы жиен қызының атына өтіп кетті. Мен осы мәселемді заң органдары дұрыс шешіп берсе деген ниетім бар. Мен ол үйдің жалғыз мұрагерімін.

Қайнарбұлақ саяжайының тұрғындары арнамызға тағыда арызданды. Қарапайым халықты үйінің жанында орналасқан «Иегова куәгерлері» діни ұйымының шіркеуі алаңдатады. Себебі діни ұйым мүшелері көшеге шығып, үгіт насихат жұмыстарын  ашық жүргізетін көрінеді.

Ғалия Әбдуайтова – Қайнарбұлақ саяжайының тұрғыны

Ең болмаса шетке көшірілсе деген ойымыз бар. Бізге кедергі жасайды агитация жүргізеді. Кітаптарын тастап кетеді. Уже менің бала-шағам оқи алады сол кітапшаларды. Қазір переходной возраста тұр балалар солардың болашағына алаңдаймыз.

Қайнарбұлақтағы жағдай бойынша діни ұйым өкілдеріне хабарласқанымызда олар карантин басталғалы ешқандай жиын өткізіп жатқан жоқпыз, дейді.

Алексей Зайцев – Қайнарбұлақ бойынша  «Иегова куәгерлері» қоғамдастық кеңесінің төрағасы

К. Дүйсенбі