Абай ауданына қарасты Көкбұлақ тұрғын алабында «AMANAT» партиясының қалалық филиалы көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. «Құқықтық көмек» жобасы аясындағы шарада тұрғындар әлеуметтік мәселелерін айтып, заңгерлер мен жауапты органдардан кеңес алды.


Қабылдауға партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты Әсел Қожахметова, қалалық филиал өкілдері, әкімдік қызметкерлері мен құқық қорғау органдары қатысты. Кәсіби заңгерлер тұрғындардың жеке өтініштерін тыңдап, нақты шешім ұсынды.


ӘСЕЛ ҚОЖАХМЕТОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ КОНСУЛЬТАНТЫ

Партияның мобильді қоғамдық қабылдау жұмысы биылғы жылдың 8 айында 1400-ден аса рет ұйымдастырылды. Соның арқасында 11 мыңнан астам азаматтың мәселесі қаралып, 5 мыңнан астамы оң шешімін тапты.


Жыл басынан бері қала аумағында 253 қабылдау өткізіліп, 1997 азаматтың өтініші қаралған. Оның 71 пайызы оң шешімін тапты. Ал қалған өтініштерге заң аясында түсіндірме берілді. Сонымен қатар қалалық және аудандық филиалдарға 8171 жеке шағым түсіп, олардың 82 пайызы қанағаттандырылды.


МЫРЗАҚАСЫМ ЖЕНБЕКОВ, КӨКБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ БИІ

 Ауылдың инфрақұрылымы 80-90 пайызға толыққан. Дегенмен, Бадам өзенінен су шығару, латок салу секілді мәселелер бар. Осы бағытта аудан мен партия басшылары тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. 


 «AMANAT» партиясы алдағы уақытта да осындай көшпелі қабылдауларды жалғастырып, халықтың өтініштерінің орындалуын бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.