Президент бұл жолғы жолдауында ел дамуының жаңа басымдықтарын айқындап берді. Ол өз кезегінде елдегі экономикаға жаңаша серпін беріп, саладағы түйткілдерді шешуді баса айтты. Ал, халық жолдаудан не түйді, не күтеді? Сұрап білдік...
--- Ол халықты ойлап жатыр ғой. Барлық мүмкінджікті жаса деп жатыр. Медицинаны қолға ал деп жатыр. Тамаша жолдау болды
--- На международном уровне позор женщин деп. Мен ойласам позор для казахстана отношение женщинам. Әйелдерді қолдау керек! Көтеру керек! Олардың авторитетін көтеру керек!
--- Дұрыс қой, негізі қазір 21 ғасырда бізде уже көп нәрсе дамып келе жатыр ғой, былай қарасаңыз. Негізі қолдаймын! Техникаларымыз дамып келе жатыр ғой, робот тәрізді.
--- Өткен жолдаулар туралы айтуы керек еді ғой. Орындалды ма, орындалмады ма деген сияқты. Содан кейін барып жаңа жолдауды бастау керек еді
--- Қай тұсы ұнады? Маған өзіме медицина жағы. Мына жүрміз ауылдан келдік қалаға. Қанша обследование өтіп жатырмыз. Ауылда жаңа мед центр бар, бірақ ішінде оборуд жоқ. Жақсы болса барлығымызға да жақсы. Ден сау болу керек. Әсіресе жастар.