Елде жүрек аурулары жасарған. Бұл туралы «Шымкент жүрек орталығында» өткен Халықаралық кардиохирургиялық конгрессте айтылды. Оған әлемнің түрлі елдерінен келген жетекші мамандар мен профессорлар және практик кардиохирургтар қатысты. Ал, шеберлік сағатын өткізу үшін отандық білікті дәрігерлер арнайы шақыртылып, жүрек хирургиясындағы соңғы жетістіктер мен инновациялық әдістер таныстырылды.


Үш күнге созылатын конгрессте ең күрделі деген кардиохирургиялық оталар тікелей эфирде көрсетіледі. Елдегі жетекші мамандар арнайы келіп, операцияны инновациялық технологиялардың көмегімен жасайды. Шеберлік сағаттарында ақ халаттылар нақты клиникалық жағдайларды талдап, іс-тәжірибемен бөліседі.


ЮРИ ПЯ, ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ, «UNIVERSITY MEDICAL CENTER» КОРПОРАТИВІ ФОНДЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

Біз 6 адамның жүрегіне сирек кездесетін диагноздар бойынша ота жасауды жоспарлап отырмыз. Алғашқы 2-еуін сәтті аяқтап шықтық. Науқастардың біріне жүрек сол жақ қарыншасының құрылғысын имплантацияласақ, тағы бір азаматқа перцевал биопротезін пайдалана отырып, аорталық қақпағын ауыстырдық. Жаңа құрылғылар көмегімен жасалған мұндай оталар науқастардың оңалту уақытын едәуір жылдамдатады.


ШЫНАР ӘУЕЛБАЙ, ТІЛШІ

 Дәл қазір мұнда елдегі білікті дәрігерлер 28 жастағы ер азаматтың жүрегіне ота жасап жатыр. Бұл өте күрделі процестер санатынан болғандықтан, операцияны тек онлайн бақылауға мүмкіндік алдық. Енді тек операцияның сәтті өтуін тілеп, ақталуын күту керек болады. 00:19


 Мұндай ота түрлері тек Астана, Алматы, Шымкент және Тараз қалаларының кардиологиялық клиникаларында жасалады. Мамандар науқастардың өзге қалалар мен шетелдерге сабылмай, жергілікті дәрігерлердің көмегіне жүгіне алатынын айтады .Тіпті, Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғыстаннан арнайы келген мамандар отандық дәрігерлердің хирургиялық әдістеріне қызығушылық танытып отыр.


 ДАРХАН СҮЙГЕНБАЕВ, «ШЫМКЕНТ ЖҮРЕК ОРТАЛЫҒЫ» БАС ДӘРІГЕРІ

Ашық түрдегі, шунтирование, жүректің қақпашаларын алмастыру, миниинвазивті операциялар кеудесн кеспей, қабырға арқылы, протезирование..терминалды стадияларда жүрек жетіспеушілігінде жүрек алмастыру 01:38


Бүгінде «Шымкент жүрек орталығында» жылына 700-ден аса әртүрлі жүрек отасы жасалады. Соңғы 5 жылда 24 науқасқа LVAD құрылғысы имплантацияланған. Бұл жүрек жеткіліксіздігін емдеуге арналған жоғары технологиялы құрылғы. Бұл дәрігерлердің ғана емес, сонымен қатар аймақтық денсаулық сақтау жүйесінің жаңа деңгейге көтерілгенінің айқын дәлелі,-дейді сала мамандары.