Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер азаматтарға несие берумен ғана шектелмей, ірі экономикалық жобаларды қаржыландыруға да белсенді қатысуы тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда Ұлттық банк пен үкіметке осы мәселені шұғыл түрде шешуді тапсырды. Бұл бастаманы шымкенттіктер қолдап, қуаттап отыр.


 Президенттің айтуынша, Ұлттық банк пен Үкімет банктердің ақшасын экономикаға барынша тартудың тиімді тәсілдерін табуы қажет. Қаржы жүйесіндегі технологияларды ілгерілету және цифрлық активтер айналымын ырықтандыру мәселелері қамтылуы керек. Бұл бастама елдің экономикасын оң ықпал етеді.


МҰРАТӘЛІ ҚАЛМҰРАТОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Банктер туралы заң қабылдау осы бағыттағы маңызды қадам болмақ. Бұл заңда экономиканың сұранысы мен технологиялық өзгерістер ескерілуі қажет. Құжатта бәсекені күшейту, нарыққа жаңа қатысушыларды тарту, Үкімет Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп, заң жобасын жан-жақты пысықтауы қажет. Депутаттардан осы заңды жыл соңына дейін қабылдауды сұраймын, — деді Мемлекет басшысы.


Жаңа заң банк секторын дамытып, қаржыны нақты экономикаға тартуды күшейтуге бағытталмақ. Сондай-ақ, азаматтардың қаржылық сауатын арттыру бағытында бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Бұл орайда Шымкентте атқарылған жұмыс ауқымды.


ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, AMANAT ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Материалдық көрсеткіш ретінде есепке алынады: табыс, мүлік, көлік, несиелердің болуы; материалдық емес (денсаулық, мүгедектік, білім деңгейі), сондай-ақ тәуелділік ауыртпалығы және жасырын табыстың болуы, мысалы, бейресми жұмыс.


Айтып өтейік, елімізде ірі бизнеске берілген кредиттер 2024 жылғы қыркүйекте 0,5%-ға 4,1 трлн теңгеге дейін төмендеген. Бұл телекоммуникация, құрлық көлігі және электр энергиясымен жабдықтау саласындағы ірі қарыз алушылардың мерзімінен бұрын өтеу практикасын жалғастыруына байланыстырылған.