Шәмші әндері жылдар өткен сайын жаңғыра, айтқан сайын жаңара түсуде. Оның әрбір әні тұла бойдың толқынын, сол кездің сағынышын жеткізеді. Композитордың жазған әр әні жеке бір тарих, өзінше бір сыр шертеді. Солардың бірі сыған қызына арналған серенадасының болмысы өзгеше. Бүгінде бұл әні көлемді де күрделі драмаға айналды.

Тимур Ахметов – Театр директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары

Киелі қара шаңырақтың төрінде сахналанған туындының жарыққа шығуына бас-аяғы бір ай кетіпті. 1 сағат шамасына арналған қойылым серенаданы жаңа қырынан сөйлетті. Әртістер халықтың ыстық ықыласына бөленіп, көрермен көңілінің кілтін ашты.

Нұркен Орынбек - актер

 «Сыған серенадасы» - Шәмшінің шоқтығы биік әндерінің қатарында. Шығарманың шығу тарихына келсек, вальс падишасы бір кездері сығандар тобына еріп, Изольдаға өлердей ғашық болған деген секілді алып-қашпа сөздер айтылады. Композитордың жары Жәмилә Қалдаяқованың айтуынша, ол – бос әңгіме. Шәмші тек сығандардың ән өнеріне қатты қызыққан. Халық үшін жаралған өнер адамы құлазып жүрген шақтарында сиқырлы әлемді іздейтін. Алматыда сығандардың сауық кештерін сырттай тамашалап қана жүрген деседі. Міне, сол кезде «Сыған серенадасы» әні шыққан.

ЕРНҰР БӨБЕЕВ