Еңбекпен тапқан нан тәтті. Түркістанда 24 жастағы жігіт ресторан ашты. Оны ашу үшін несие алмады. Өзінің жинаған қаржысы арқылы армандаған ойын жүзеге асырды. Қазір жаңадан ашылған ресторанда 10-нан аса адам жұмыспен қамтылған.
Түркістанда соңғы жылдары кафе ресторандар көптеп ашылып жатыр. дегенмен көбінің атауы шет тілде. Ал жаңадан ашылған ресторанға Ауыл деген атау беріліпті. Тамақтану орнының дизайн ұлттық нақышта.
Түркістанда соңғы жылдары кафе ресторандар көптеп ашылып жатыр. дегенмен көбінің атауы шет тілде. Ал жаңадан ашылған ресторанға Ауыл деген атау беріліпті. Тамақтану орнының дизайн ұлттық нақышта.
Бұл кафені ашқан Жандос Бақыт Ауыл вайнері деген атпен танылған жас. Жаңадан соғылған ғимаратты жалға алған. Ресторан мәзірінде негізінен ұлттық және шығыс тағамдарына басымдық берілген.
Ресторан ашылған сәттен бастап келушілер қарасы қалың. Жанұясымен достарымен келгендер көп.Олар жаңа тамақтану орынына өздерінің пікірін білдірді. Ас мәзірі мен қызмет сапасы көңілдерінен шыққан.
Нысанның ашылу салтанаты концерттік бағдарламамен үйлесім тапты. Бұл ресторан 1-мөлтекаудандағы Кенесары көшесінде орналасқан.