Ата заң – елдің айнасы. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Қас¬терлі құндылығымыздың қағи¬даттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Конституциямыздың 30 жылдығына орай қаладағы зиялы қауым «Достық» үйінде бас біріктірді.


Әрбір өркениетті мемлекеттің негізінде құқық үстемдігі жатыр. Бұл – мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамда әділдік пен тәртіптің орнауына кепіл болатын басты қағидат. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің іргетасы – Конституция. Ата заң 1995 жылы қабылданып, еліміздің демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына жол ашты. Онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, заң алдындағы теңдік нақты көрсетілген. Жиынға арнайы шақыртылған ғалымдар ата заңның тарихына тоқталды.


СӘКЕН МӘЖІНБЕКОВ, САЯСАТТАНУШЫ

Конституциямыз өзінің 30 жылдық өмірінде 6 рет толықтырулар мен өзгерістерге ұшырады. Оның ішіндегі ең үлкені 2022 жылғы бүкіл халықтық референдум. Бұл жерде 33 баптың 56 өзгеріс енгізілді.


2022 жылғы өзгерістердің маңыздыларының бірі – президенттің өзіне қатысты өзгеріс. Мемлекет басшысы бір мезгілге ғана 7 жылға сайланады. Сонымен қатар олигаполияны тежеу мәселесі. Монаполияға жол беретін тетіктертер тежелді. Ал сайлау заңына енгізілген өзгеріәстер әділетті қоғамды қалыптастыруға оң ықпал етеді.


ҚЫДЫРӘЛІ НАСИБОВ, ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ

Констетуция дегеніміз өздеріңіз білесіздер бұл халықтың теңдігі. Әділеттілігінің кепілі. Сол болашақ ұрпағымыз әділетті мемлекет қалдыру аса маңызды.


Құқықтық мемлекетте ешкімнің заңнан жоғары тұруына жол берілмейді. Азаматтың әлеуметтік жағдайына, лауазымына немесе байлығына қарамастан, ол заң алдында тең. Бұл – қоғамда әділ шешімдер қабылдануының, азаматтардың құқықтарының қорғалуының басты шарты.