«Әйелдің ішкі әлемі». Түркістанда нәзік жандылардың жан дүниесін оятып, өзін өзі бағалауға баулу жобасы жүзеге асуда. Игі бастама қала әкімдігінің қолдауымен және «Бейсана» психологтар қауымдастығы мұрындық болған. Жобаға әлеуметтік осал топқа жататын көпбалалы аналар, жалғызбасты, тұрмыстық қиындықты бастан өткеріп жүрген әйелдер қатысты.
Жобаның негізгі мақсаты – әйелдердің психоэмоционалдық жағдайын жақсарту, ішкі күйзелісті жеңуге қолдау көрсету, олардың өзін-өзі бағалауын арттырып, денсаулығына деген жауапкершілігін қалыптастыру.
ҒАЛИЯШ МАХАШОВА, «БЕЙСАНА» ҚАЗАҚСТАН ПСИХОЛОГТАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
Іс-шара аясында тәжірибелі психологтар мен медицина мамандары топтық жаттығулар, семинар-тренингтер мен жеке консультациялар өткізді. Психологтар қатысушылармен күйзеліс, эмоционалдық шаршау, сенімсіздік секілді мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстар жүргізсе, дәрігерлер әйел денсаулығы, гинекология және салауатты өмір салты бойынша кеңестер берді.
РУХАЗА ХАЛДАРБЕК, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК КОМИССИЯ МҮШЕСІ
«Өзіңді тану – өмірді сүю» жобасы жай ғана тренинг емес, әр әйелдің өз ішкі әлемін танып, қолдау тауып, жаңа өмірлік көзқарас қалыптастыратын мүмкіндік. Қатысушылар өз ресурстарын қайта ашып, менталдық және физикалық денсаулығына ерекше көңіл бөлуге мотивация алды.