Биылдан бастап жалпыға бірдей декларация тапсыру тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұдан былай шетелде мүлкі бар және мемлекеттік қызметте істейтін азаматтарды бақылау шараларына ерекше басымдық беріледі. Ал, мүлік пен табысын жасырғандарға салынатын айыппұлдың көлемі қандай болмақ? Келесі бейнематериалда толығырақ...


Белгілі болғандай, биылғы жылды декларациялауға біршама өзгерістер енгізілген. Жаңа тәртіп бойынша, жаңадан сайланған және енді сайланатын мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік секторлар және олардың жұбайлары міндеттеледі.


АБЫЛАЙ ЖҰМАНӘЛІ, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Бұл ретте шетелде мүлкі бар азаматтар, машина, үй, жер көлігі, су, әуе көлігі бар жағдайда декларация тапсырылады. 1 мың айлық есептік көрсеткіші табвысы болған жағдайда декларацияны табыс ету міндетті болып табылады.


Қазір Еңбекші ауданының өзінде көлік салығын төлеуі тиіс 5389 азаматтың 228 258 352 теңге көлемінде берешегі бар. Ал, мүлік салығы бойынша 7756 салық төлеуші 30 569 336 тг қарыз.


АБЫЛАЙ ЖҰМАНӘЛІ, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 272 бабына сәйкес, 1 тармақшасына сәйкес, бірінші кезекте бірінші рет әкімшілік құқық бұзушылық орын алса, ескерту жасалады. 1 жылдың ішінде қайталанатын болса, 15 АЕК ауыппұл салынады.


Ал, жаппай декларациялаудың төртінші кезеңіне жататын халықтың қалған санаттары, яғни зейнеткерлер, жеке сектор қызметкерлері мен студенттер, үй шаруасындағы әйелдер және басқа да тұлғалар міндетті декларациялаудан босатылатын болды.