Шымкент қаласында жаңа оқу жылына дайындық қызу жүріп жатыр. Әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды БАҚ өкілдеріне баяндап, негізгі бағыттарға тоқталды.
Биыл екі жекеменшік мектеп лицензиясынан бас тартқан. Ал, керісінше, жаңа оқу жылына 16 мектепке лицензия берілді. Оның ішінде 11 мектеп - «Келешек мектеп» жобасы аясында, ал қалған 5-еуі - жекеменшік білім ордалары. Сонымен қатар, жоғары білімге қолжетімділікті арттыру мақсатында қала әкімдігі 285 білім грантын бөлген. «Алғашқы конкурс нәтижесінде 207 талапкер грант иегері атанды, алайда 78 орын бос қалды», - деді әкімдік өкілі.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӘКІМДІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
Біз осы 78 грантты қайтадан конкурс жариялауға ұйғардық. Шартты сәл өзгертіп отырмыз. Енді бұған Шымкент қаласының түлектері ғана емес жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін 3 жыл қатарынан Шымкентке келіп жұмыс істегічсі келетін кез келген талапкерге осы орындарды ұсынбақпыз. Олай дейтін себебіміз қалада инженерлік басқада мамандықтар бар.
Жер қатынастары саласында да жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері мемлекет мұқтажы үшін 254 жер учаскесі иеліктен шығарылған. Соның ішінде 207 учаске үшін 5,1 млрд теңге өтемақы төленсе, 31 учаскенің иесіне тең бағалы жер берілген. Ал жеті учаске сот шешімімен өтемақысыз мемлекетке қайтарылып, шамамен 500 млн теңге бюджет қаржысы үнемделіпті.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӘКІМДІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
Қаратау ауданы 223 орамдағы стадион құрлысы үшін 191 жер учаскесі мемлекет мұқтаждығына қайтарылуға жатады. Бүгінгі таңда 6 жер учаскесіне тең бағалы жер ұсынылып айырбасталып берілді. 174 жер учаскесіне өтемақы төленіп мемлекет мұқтаждығы үшін иеліктен шығарылды.
Шаһар басшылығы жылу маусымына да белсенді дайындалып жатыр. Сәрсен Құранбектің сөзінше, «Қуатжылуорталық-3» АҚ-ның қысқы маусымға әзірлігіне 743 млн теңгеден астам қаржы бөлінсе, соның 87%-ы игерілген. 27 қазандықтың 23-і, 17 сорғы стансасының 13-і дайын. Қаладағы 838 шақырымдық жылу желісінің 37%-ы тозған. Биыл гидравликалық сынақ кезінде 98 ақау анықталып, 90-ы жөнделіпті. Қалғаны қыркүйектің басына дейін толық реттелмек. Ал қаладағы көпқабатты үйлердің 69%-ы, ал әлеуметтік мекемелердің 97%-ы қысқа сақадай сай.