Биыл Түркістан облысындағы елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 80 жобаны іске асыруға қажетті қаржы қаралды. Оның ішінде, осы жылы 37 елді мекендегі 46 жобаның құрылысы аяқталса, қалған 34 жоба келесі жылға өтпелі.


Ауыл аймақты табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Жалпы осы жылы аяқталу қажет 46 нысанның 27 нысаны пайдалануға тапсырылды. Ал, 19 нысанның құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, тұрақты бақылауға алынған. Жыл қорытындысымен 37 елді мекен немесе 73 мың халық табиғи газбен қамтылады. Нәтижесінде, 1,9 млн. тұрғыны бар 600 елді мекен «көгілдір отынға» қосылмақ.

Одан бөлек, 45 жобаға сараптаманың оң қорытындысы алынып, қаржыландыру үшін мемлекеттік инвестициялық жобалар портфеліне енгізілді. Сондай-ақ, облыста 50 мыңға жуық тұрғыны бар 39 елді мекенді газбен қамту бойынша 46 жоба әзірленуде. Жалпы облыстағы елді мекендерді 2027 жылға дейін газдандырудың іс-шара жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес, 2027 жылы газдандырылған елді мекендер санын 765-ке жеткізу көзделуде. Облыс аумағында елді мекендерді газбен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасып, қатаң бақылауда болады.