Қолданыста жүргеніне 20 жылдан асқан көліктер келер жылдан бастап салықты жартылай төлейді. Жылжымайтын мүлік салығына да бірқатар жеңілдіктер бар. Бұл жайында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен жиында айтылды. Кәсіпкерлер мен бизнес өкілдеріне 2026 жылдың 1 қаңтарында қолданысқа енгізілген «Жаңа Салық кодексін түсіндіру» тақырыбында семинар өтті.
Салық кодексіне енгізілген толықтырулар мен өзгертулер нәтижесінде бірқатар салық ставкалары сараланған. Кейбір санаттағы қымбат бағалы мүлкі бар жеке тұлғалар үшін сән салтанат салығы енгізіліп отыр. Жеке табыс салығы бойынша ставкалары өзгеріп отыр. Көлік салығында да жеңілдіктер қарастырылған.
АЙНҰР САРТАЕВА, МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫН ӘКІМШІЛЕНДІРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Біраз өзгерістар бар егерде автокөлік құралы шығарылған уақыттан бастап 10 жылдан асса онда оған 0,7 деген коофицент енгізіледі. Ал егерде көлік шығарылғаннан 20 жыл өтіп кетсе онда 0,5 деген коофицент енгізіледі яғни қазіргі төлеп отырған салығының жартысын төлейді деген сөз.
Іс-шарада 2026 жылға қосылған құн салығы бойынша жаңа есептеу ережелері түсіндірілді. Электрондық шот-фактураларды толық цифрландыру, корпоративтік және жеке табыс салығы бойынша сараланған салықтық мөлшерлеме жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар оңтайландырылған арнаулы салық режимдері, меншікке салынатын салықтары, сән-салтанат салығы, жер қойнауын пайдаланушылар мен бейрезиденттерге салық салу және тағы да басқа енгізілген негізгі өзгерістер талқыланды.
ГҮЛЖАН АХМЕТОВА, КӘСІПКЕР
Үш ай уақыт береді енді қалуға кімде упрашенка қалуға Негізінде тиімді деп ойлаймын Кәсіпкерлер урашенканы жөн көреді бірақ негізінде НДС ке өткен дұрыс деп ойлаймын.
Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді жаппай жеңілдетуді көздейді. Салық есептілігінің көлемі қысқартылды, салықтардың саны азайды, жеңілдіктер мен алымдар оңтайландырылады. Баяндамашылар семинар қатысушыларына Жаңа кодекстегі жаңалықтарды түсіндіріп, сұрақ-жауаптармен алмасты. Бұл бастама кәсіпкерлер мен бизнес өкілдеріне алдағы өзгерістерге дайындалуға мүмкіндік береді.