Тарихтың сын сағатында ел еңсесін тіктеп, егемендігіміздің іргесін бекітуге үлес қосқан ардақты аналарымыз аз емес. Солардың бірі – тыл ардагері Қазына Бектемісова. Қайсарлығымен, төзімділігімен, ұрпағына сіңірген еңбегімен ел құрметіне бөленген апайға арнайы сый-құрмет көрсетілді. Ардагердің шаңырағына барып, азық-түлік себеті табысталды.
Қазына Бектемісова – Алтын алқа мен Күміс алқа иегері, 9 баланың анасы. Бүгінде ол 30-дан аса немере, 20-дан астам шөбере, тіпті бір шөпшектің асыл әжесі. Үлкен әулеттің ұйытқысы атанған ардақты ана – елдік пен бірліктің, береке мен еңбектің айқын үлгісі.
ҚАЗЫНА БЕКТЕМІСОВА, ТЫЛ АРДАГЕРІ
Бидай ектікқой. Қылмағанымыз қалған жоқ ол уақытта. Менің есімдеде жоққой қазір. Ойбойй түн демей күн демей үй бетін көрмей істедәкқой сол уақытта . Енді қазір сендер аман болыңдар . Қазір бейбітшілік заман болдығой .құдайым ондасын жаманшылық болмасын шырақтарым. Өсіп өнсін , жастарың ұлғая берсін, менің жасымнан аса беріңдер . Көргендерің той болсын , жегендерің қой болсын .
Мұндай жандар әулетінің ғана емес, тұтас халықтың мақтанышы. Егеменді еліміздің баянды болашағы үшін жасаған еңбегі – ұрпақ жадында мәңгі сақталмақ.