Жаңа цифрлық қызмет - жи-құқықтық кеңесші іске қосылды. «Әділет» порталы жасанды интеллект негізіндегі ЖИ-құқықтық кеңесші сервисін іске қосты.


Аталған цифрлық құрал күнделікті өмірде және жұмыс барысында туындайтын құқықтық сұрақтарға жедел әрі қолжетімді жауап беруді мақсат етеді. Бұл – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңнамалық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған заманауи шешім. Қызметті пайдалану үшін adilet.zan.kz порталына кіріңіз, басты беттен ЖИ-қызметін таңдаңыз. Құқықтық сұрағыңызды жазып, жауапты оқыңыз. Қажет болса, сұрағыңызды нақтылауға мүмкіндік бар. Жаңа цифрлық кеңесші – құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті оңайлататын тиімді құрал.