Түркістан облысында биыл 1 миллион 60 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Жылдың алғашқы 7 айының қорытындысы бойынша оның 528,3 мың шаршы метрі пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15%-ға жоғары. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында айтылды.
Облыста 2138 пәтерді қамтитын 30 несиелік тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде Түркістан қаласында 1182 пәтерден тұратын 17 үй, ал Кентау қаласында 60 пәтерлік 1 үй пайдалануға берілді. Қалған 12 үйді қыркүйек айында тапсыру жоспарланып отыр. Бұл пәтерлер кезекте тұрған азаматтарға «Отбасы банк» арқылы сатылады. Бұдан бөлек, 296 пәтерлік 6 жалдамалы тұрғын үйдің құрылысы да жүргізілуде.
АБАЙ ТҰРХАНОВ, ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Өңірде 578 жалдамалы және 2015 несиелік пәтерді сатып алу жоспарланған. Қазірдің өзінде Түркістан қаласынан 84 пәтер сатып алынды. Қалған 494 пәтерді қараша айына дейін алу көзделіп отыр. Ал несиелік тұрғын үйлерді сатып алу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Облыс әкімі сатып алынатын тұрғын үйлердің құрылыс сапасын бақылауды күшейту қажет екенін атап өтіп, аудан мен қала әкімдіктеріне осы бағытта қатаң қадағалау жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктелді.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Сондай-ақ өңірде жоспардан тыс 2 322 пәтердің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл пәтерлердің құрылысы 2026 жылы аяқталады. Түркістан облысында халықты баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасады