«Болашақ мектебі бүгіннен басталады». Шымкентте ұлттық жоба аясында ашылған білім ошақтары алдағы уақытта лицей статусын алуы мүмкін. Қазіргі таңда барлық талапқа сай келу үшін жұмыстар атқарылып жатыр. Ғимаратқа мін жоқ. Жаңа форматта, жоғары технологиямен толықтай жабдықталған. Ендігі меже әр оқушының білім көкжиегін кеңейту.
Ұстаздар құрамы толық жасақталған, білім сапасын көтеру жолындағы жоспар айқын. Алдағы уақытта мектептің лицей мәртебесін алып, шәкірттердің жан-жақты дамуына жол ашу көзделіп отыр. Мектеп директоры Мейра Сапарбекқызы жаңа оқу орнының артықшылықтарын атап өтіп, оқушылардың робототехника саласында жасаған тың жобаларын таныстырды.
МЕЙРА САПАРБЕКҚЫЗЫ, №143 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
Қазіргі таңда мектебімізде екі жарым мыңға жуық оқушы бар . Бұл мектеп 2025 жылы 9 қаңтар күні ашылды. Қазіргі таңда мектебіміздің сапалық құрамы 42 пайызды қамтиды. Алдағы уақытта педагог зеріттеуші, педагог сарапшы санатындағы мұғалімдерменен тағыда толықтырамыз деген жоспарымыз бар . Болашақта бұл мектепті гуманитар бағыттағы лицей статусына көтеру жолында қосымша үйірмелер және жобалар іске қосылған
Ата-аналардың да көңілі тоқ. Мектептің сәні мен мен салтанаты келіскеніне дән риза.
НҰРГҮЛ БИЖАНОВА, АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ
Тұран мөлтек ауданында екі жайлы мектеп ашылған. Осының бірі міні 143 мектеп. Міне шүкір қанша өнерлі де , талапты да зейінді балалар шығып жатыр. Осы мектептен үздік оқушылар , алтын алқалар шықса екен дейміз .
Мектептің материалдық-техникалық базасы халықаралық стандарттарға сай. Балалардың жан-жақты дамуына арналған үйірмелер мен спорт секциялары да қарастырылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұнда білім алу баланың болашағына сенімді инвестиция. Жаңа мектептің алдағы мақсаты – лицей мәртебесін алып, өңірдегі білім сапасын жаңа деңгейге көтеру .