«Армандар орындалады» жобасы соңғы үш жыл бойы табысты жүзеге асып келеді. Осы уақыт ішінде 730-дан астам ерекше баланың арманы орындалды. Кезекті игі шара барысында Ордабасы ауданы мен Кентау және Түркістан қалаларынан келген балаларға қуаныш сыйланды. Бұл күні 10 баланың арманы орындалып, олар көптен күткен сыйлықтарына ие болды. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық – жобаның басты жетістігі.


Зал ішін шаттық кернеген бұл күн балалар үшін нағыз мерекеге айналды. Ән мен әуен үйлесіп, кішкентай жүректерді қуанышқа бөледі. Балалар сахнада би билеп, еркін ойнап, тәтті сәттерді бірге бөлісті. Армандары орындалған бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар тарту етіліп, олардың жүздерінен бақыт пен қуаныш байқалды. «Армандар орындалады» жобасының басты мақсаты – әр баланың арманына қанат бітіріп, жүректеріне қуаныш сыйлау.