Жаңа оқу жылы қарсаңында AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалы «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Мектепке жол» акциясын өткізді. Биылғы игі шарада тұрмысы төмен отбасылардың 1400 баласына мектеп сөмкесі мен кеңсе тауарлары үлестірілді.
Акциядан қолдау тапқандардың бірі Нұршуақ шағынауданының тұрғыны, ерекше балалар ұйымының жетекшісі Гүлбақыт Мәденова. Оның айтуынша, партия қамқорлығы тек бір реттік емес, тұрақты түрде көрсетіліп келеді.
ГҮЛБАҚЫТ МӘДЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Менің екі мүмкіндігі шектеулі балам бар: бірі ДЦП-мен, екіншісі аутизммен ауырады. Екеуіне де сөмке мен оқу құралдарын берді. Біз ұйым атынан 35 баланың тізімін тапсырдық, барлығы қамтылды. Бұл тек біздің отбасыға ғана емес, ауданымыздағы көпбалалы аналар мен ерекше балаларға да үлкен көмек болды.
Ол бұған дейін де партиядан қолдау алғанын айта келе, мұндай көмектің тек қыркүйекте ғана емес, жыл бойы көрсетілсе деген тілегін жеткізді.
ГҮЛБАҚЫТ МӘДЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Филиал төрағасы Мұрат Жолдықожаевтың сөзінше, алдағы жоспар – көмек алушылар санын 2000 балаға дейін арттыру. Биылғы ерекшелік балаларға тек оқу құралдарын беріп қана қоймай, мерекелік көңіл-күй сыйлау.
МҰРАТ ЖОЛДЫҚОЖАЕВ, AMANAT ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Айта кетейік, қазіргі таңда AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалында 32 мың мүше, 22 депутат және 10 кеңес бар.