Мегаполисте кадрлық ауыс-түйіс. Қала әкімінің бірінші орынбасары ауысып, тағы бір орынбасары жаңадан таныстырылды. Бұл тағайындаулар сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы маслихатының кезекті жиырма сегізінші сессиясында жарияланды. Алғалы жиында көтерілген мәселелерді тілші әңгімелейді.


Сессия жаңадан тағайындалған орынбасарларды таныстырудан басталды. Бұған дейін қала әкімі орынбасары қызметін атқарып келген Айдын Кәрімов бірінші орынбасар лауазымына тағайындалды. Оның босаған орнына осыған дейін Түркістан облысы Сайрам ауданын басқарып келген Арман Сабитов отырды. Жиында күн тәртібіне енгізілген бірқатар әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық мәселе қаралды. Ең алдымен, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және Тұран аудандары әкімдерінің есептері тыңдалды.


СҰЛТАНХАН ШӘКІР, АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Ауыз су 100 пайыз электр жарығымен 100 пайыз қамтылған. Табиғи газбен қамту бойынша 25 елдімекен газбен толық қамтылған. Ол 92,6 пайызды құрайды. 2024 екі елдімекен Қайнарбұлақ елдімекені мен қайнарбұлақ саяжайы Ағымдағы жылы екі елдімекен Ынтымақ-2 мен Тәуелсіздікке 20 жылдық елдімекндері құрылыс жұмыстары жүргізілді.


Депутаттар қойылған сұрақтарға нақты жауаптар алып, бірқатар ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар білім беру саласындағы атқарылған жұмыстар мен жаңа оқу жылына дайындық жайы талқыланды. Бұл бағытта мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңарту, жаңа білім ошақтарының құрылысын жеделдету, ұстаздар құрамын жасақтау жайы қозғалды. Сессия соңында қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Мейрамбекұлы аудан әкімдерінің атқарған жұмыстарына тоқталып, халықты толғандыратын түйткілді жайттарға назар аударды.


АЙДЫН КӘРІМОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Ең басты мақсатымыз қала тұрғындарының өмір сапасын арттырып, қолайлы орта құру. Бұл бағытта жұмыс жоспары бар бірлесіп жұмыс жасаймыз. Оған қаражатта қарастырылған. Алдағы жылдары өз жалғасын табатын болады.


Күн тәртібінде қала халқы үшін аса маңызды тағы бір мәселе – жылу маусымына дайындық барысы қаралды. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшылары қысқы кезеңге қажетті жұмыстардың барысын баяндады. Қазандықтар мен жылу желілерін жөндеу, апаттық жағдайлардың алдын алу, тұрғындарды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету жұмыстары талқыланып, депутаттар тарапынан бақылауды күшейту жөнінде ұсыныстар енгізілді.