Халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын үй қатынастары мен спорт салаларында да бірқатар мемлекеттік қызмет көрсету бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, спортшылар мен жаттықтырушылар үшін ай сайынғы төлемдердің біріңғай жүйесі енгізіліп, енді өмір бойғы материалдық көмек дене шынықтыру және спорт саласында кемі 20 жыл еңбек еткен азаматтарға тағайындалады.
Ай сайынғы төлем 100 айлық есептік көрсеткіш деп белгіленген. Яғни, 345 мың теңгені ай сайын Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ, спорттың олимпиадалық түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшылар ала алады.
НҰРЛЫБЕК ӨТЕПБЕРГЕНОВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СПОРТ ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІН ҮЙЛЕСТІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Материалдық қамсыздандыруды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган төлейді. Ол қызметті алу үшін мемлекеттік азаматтарға арналған үкіметтік мемлекеттік корпорациясы арқылы немесе электрондық үкіметтік егов порталына жүгінуге болады.
Бұдан бөлек, баспасөз отырысында жалдамалы пәтерді субсидиялау жайы да сөз болды.
ЕРКІН АХЫНШАЕВ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ШҚФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Отбасы банкінде Шымент қаласы бойынша 5555 өтінім қабылданды. Оның ішінде 2233 мақұлданбай, 1398 бойынша төлемдер мақұлданған. Егер отбасы мүшелерінің саны көп болса мөлшері 220 мың теңге көзделген. Оның жарты соммасын мемлекет өтеп береді. Ағымдағы жыолда 552 млн теңге игерілген.
Айта кетейік, 2022 жылдан бастап күшіне енген бағдарлама осы уақытқа дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, 1,2 топтағы мүгедектігі бар жандарға, көпбалалы отбасылардың пәтер ақысының 50 пайызы мемлекет есебінен төленіп отыратын.