Тәуелсіз Қазақстанның тұғыры – Ата заң! Осыдан 30 жыл бұрын қабылданған Конституция еліміздің даму жолындағы ең басты құндылыққа айналды. Бүгін Түркістанда өткен дөңгелек үстелде заң үстемдігі, азаматтық құқықтар және елдік бірліктің кепілі кеңінен талқыланды.
Алқалы басқосуды Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Нұрсұлтан Сейітжанов жүргізді. Іс-шара барысында Ата заңның ел дамуы мен құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлі кеңінен сөз болды. Жиылған қонақтар Конституцияның арқасында азаматтардың құқығы мен бостандығы қорғалып отырғанын айтады.
НҰРСҰЛТАН СЕЙІТЖАНОВ, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Биыл ҚР Конституция 30 жыл толып отыр. Сіздерді осв мемоекеттік мерекемен құтықтаймын. Бұл тарихи құжат мемлекетіміздің құқықтық негізі. Саяси тұрақтылықтың , азаматтық татулықпен бірліктің тірегі саналады. Ел президенті атап өткендей Конституция біздің ортақ кеоісіміміздің әділетпен заң үстемдігінің символы . 1995 ж 30 тамыз да бүкіл халық референдум нәтижесінде қабылданған ата заң еліміздің саясиқұқықтық бағытын айқындады
Сондай-ақ «Қоғамдық келісім» басшысының орынбасары, құқық магистрі Ерназар Баетов тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады.
ЕРНАЗАР БАЕТОВ, ҚҰҚЫҚ МАГИСТРІ
Заң және тәртіп қағидаты мемлекет басшысының тікелей бақылауында. Қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау аса маңызды міндет. Бұл жауапкершілігі өте үлкен жұмыс. Ең алдымен мемлекетке заң талаптарын мүлтіксіз орындалу керек 1:31
Жиынға қатысқан этномәдени бірлестік төрағалары мен әділет департаментінің өкілдері де Конституцияның тұрақтылық пен бейбіт өмірдің негізі екенін атап өтті. Іс-шара соңында қатысушылар Ата заң – ел бірлігінің, келісімнің және демократиялық дамудың берік іргетасы деген ортақ пікірге келді.