Түркістан облысының әкімі United Global LLC құрылыс компаниясының президенті Фуад Насрмен кездесті. Тараптар өңірде бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу барысында Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті, инфрақұрылымдық даму жоспары және құрылыс саласындағы серіктестік мүмкіндіктері қарастырылды. Әкім өз сөзінде Түркістан өңірі шетелдік инвесторлар үшін сенімді әрі тартымды алаң екенін атап өтті.


Түркістан облысы мен United Global LLC компаниясы арасындағы бұл серіктестік арқылы өңірде жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Сол арқылы инвестициялық тартымдылық одан әрі арта түспек. United Global LLC – халықаралық деңгейде беделге ие құрылыс және жобалық басқару компаниясы. Компания Crowne Plaza Batumi, Torch Tower және Sofitel Palm Jumeirah , Hamad Hospital сияқты ірі жобаларды сәтті жүзеге асырған.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Кездесу барысында United Global LLC басшылығы Түркістан облысындағы инвестициялық ахуалды оң бағалап, өңірмен әріптестік орнатуға, сондай-ақ тұрғын үй, инфрақұрылым, денсаулық сақтау және қонақүй бизнесі бағытындағы жобаларды қарастыруға дайын екендіктерін білдірді.


ФУАД НАСР, UNITED GLOBAL LLC ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Әлемдік құрылыс саласында мол тәжірибесі бар бұл компания инфрақұрылым, әкімшілік, тұрғын үй, денсаулық сақтау және коммерциялық нысандар құрылысына маманданған. Жоғары стандарттарға сай, технологиялық тұрғыда озық шешімдер ұсыну арқылы, әлемнің бірнеше елінде сенімді мердігер ретінде танылған. Қазіргі таңда компания инфрақұрылым мен тұрғын үй құрылысы саласында Орталық Азия нарығына шығып, Қазақстандағы жаңа жобаларды іске асыруға ниетті.