Қазақстанның егемен ел атануына үлес қосқан тыл ардагерлерінің еңбегі ұрпақ үшін мәңгілік өнеге. Тылдағы қажырлы еңбектің арқасында ел еңсесін тіктеп, бейбіт өмірге қол жеткізді. Бүгінгі азаттық сол жандардың төзімі мен табандылығының жемісі. Ардагерлерге тағзым ету – өткенге құрмет, келешекке аманат.
Тыл ардагерлірінің бірі – Өркен Әбдіреев. Қарты бар үйдің - қазынысы бар. Бүгін сол қазынаға құрмет көрсетілді. Жасы 90-нан асқан ақсақалдың соғыс кезінде жасаған еңбегі зор. Жастайынан майданға азық-түлік жеткізуге атсалысып, елдің болашағы үшін тер төкті. Ардагердің үйіне арнайы барып, азық-түлік апарып берді. Қайырымды жандар күнделікті қажет заттарын жеткізіп, қолдау көрсетті. Игі бастама егелері ардагердің хал-жағдайын біліп, көмектің керегін түгендеп қайтты.
ӨРКЕН ӘБДІРЕЕВ, ТЫЛ АРДАГЕРІ
Біз соғыс барысында көп қиындықтарды көрдік. Мұғалімдердің арқасында, адамдырдың арқасында , қазақтың кең пейілінің арқасын да таза оқып таза жұмыс істеп осы уақытқа дейін жұмыс істеп келе жатырмын. Мен қазір 90 ға толып 91 ге кеткен жасым бар