Шымкентте Аманат партиясының ұйымдастыруымен «Ай-Нұры» бастауыш партия ұйымының ұжымы халықпен кездесіп соңғы екі жыл бойынша сайлауалды бағдарламасының қорытынды есебін берді. Ақ халаттылармен өткен жиында бастауыш партия ұйымының төрайымы бірқатар сауладарға жауап беріп, пікір алмасты.


Шымкент қаласы мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы өз жұмысын 2021 жылы қаңтар айынан бастады. Екі жыл ішінде жауаптылар біраз мәселелердің шешілуіне мұрындық болғанын айтады. Оның ішінде денсаулық сақтау саласын, мектептерде білім беру сапасының дейңгейін арттыру мен халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша бірқатар шаралар ұйымдастырылған екен.
Сонымен қатар тұрақты комиссия депутаттары жергілікті жерлерде халықпен 56 ауқымды кездесулер өткізіп, халықтың сұрақтарына қанағаттанарлықтай жауап берілді. Сондай-ақ, депутаттар тарапынан 2021 жылдың 8 айында атқарушы органдарға 37 депутаттық сауал жолданып, қала инфрақұрылымы мәселесі көтерілген. Қаланың бюджетін бекіту барысында әлеуметтік объектілердің құрылысына, күрделі және орта жөндеу жұмыстарына, білім беру мекемелеріне 4 млрд тенгеге жуық қаржы бөлуге ықпал жасаған.