Қызыл трактор. Шымкентке еңбектің символына айналған ескерткіш қайта оралды. Үшінші мегаполисте сонау 80-жылдардың басында облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қасбетінің жанында пайда болған  ескерткіш қайда кетіп еді? Мереке қарсаңында қалай қайта оралды? 


Еңбек жетістіктерінің символы – қызыл трактор. Бұл аты аңызға айналған «Универсал-1» - тек тарту жұмыстарына ғана емес, сонымен қатар жыртылған егістікте  аралықты өңдеуге арналған алғашқы кеңестік қатарлы трактор болды. Қосымша саптамалармен бірге ол піскен масақтарды жинауға да қолданылған болуы мүмкін. Дәл осы мақсаттар үшін оның алдыңғы шассиі мүмкіндігінше тарылып, корпусы өте жоғары орналасқан.
Ал, Шымкентте тарихи өзгерістер болды. Ерекше мәртебе алып, облыстан бөлініп шыққан қала миллионер атанды. Барлық облыс ұйымдары жаңа облыс орталығы – Түркістан қаласына көшу туралы бұйрық алды. Соның ішінде облыстық тарихи-өлкетану мұражайы да көшуі керек еді. Трактор Сайрам облыстық мұражайының филиалына жіберілді. Ашық аспан астында тот басып жатқан екен. Ал енді белсенді азаматтардың арқасында қайта оралды. Бүгін осы оқиғаға байланысты әрі «Наурыз Шымкенттен басталады» жобасының аясында Пушкин кітапханасының алдында той боп жатыр.
Айта кетейік, бүгін «Наурыз Шымкенттен басталады» жобасының 6 күні. Бұл дата зияткерлік күні деп бекітілген. Қаладағы барлық кітапхана жиналып, мереке ұйымдастырыпты. 2 күнге созылатын думанға 500-ден аса адам қатысады.