Жаңадан құрылған Тұран ауданында жұмыс қарқынды.  Әлі де мәселелер жетерлік. Бірақ, бәрі кезең-кезеңімен шешіледі. Аудан әкімі Боранбай Болатбеков осылай дейді. Жыл басынан бері халықпен 32 кездесу өткізіпті. Соның өзінде 112 мәселе көтерілген. Ол қандай проблемалар екенін әріптесім біліп қайтты.

Тұран ауданы құрылғалы баспасөз өкілдерінің алдына әкім осымен үшінші рет шығып отыр. Бұл жолы да жалпы мәліметтерді келтірді. Тұран ауданында балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды. Қазіргі уақытта Жарқынбеков 17, Бәйдібек би 246, Мангелдин 40 көп қабатты тұрғын үй аулаларында және Құрсай елді мекеніндегі Құлантөбе, Ұзынағаш, Ақтас, Арғымақ елдімекендерінде құрылыс жұмысы қарқын алды.

 Келесі мәселе – тұрғын үйлердің жанындағы гараждар. Аудан бойынша 355 аула болса, 758 гараж орналасқан. Көбінің құжаты жоқ. Шындығында 5 этажды 4 подъезді алсақ, кемінде 10 қолданыстан шыққан гараждар бар. Ауланың сәнін бұзып тұрған гараждарды сыпырып тастап, орнына автотұрақ жасау жоспары бар.

 Биыл  Тұран ауданының орталық көшелеріндегі қоқыс жәшіктері жаңартылып жатыр екен. Қазіргі уақытта Қонаев, Республика даңғылы, Мангельдин, Байтұрсынов көшесі мен Асқаров, Момышұлы көшесіндегі қоқыс жәшіктері жаңартылған. Ендігі кезекте Темірлан тас жолы тұр. Ескерте кетсйік, «Халық үніне құлақ асатын Үкімет» тұжырымдамасына сәйкес, әр аптаның сәрсенбі күні сағат 18:00-де Тұран ауданы әкімі аппаратының Инстаграмм әлеуметтік желісінде тікелей эфир өткізіледі. Сондай-ақ, әр аптаның жұма күні сағат 15:00 – 19:00 аралығында аудан тұрғындарын қабылдау өткізіледі.