Қошқар ата өзені Шымкенттің тарихы. Сондықтан оны күтіп ұстау – күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Бұлақ басынан басталған абаттандыру жұмыстары өзен арнасын жағалай жүргізіліп жатыр. Ордабасы алаңынан басталған көгалдандыру ісін тілшіміз көріп қайтты.

Перизат Биназарқызы, тілші
- Бұл Қошқара ата өзенінің Ордабасы алаңын қиып өтетін арнасы. Бұрын бұл маң қараусыз жататын-ды.     Өткен жылы осы жерге абаттандыру жұмысы қоға алынып, Жангелдин көшесіне дейінгі жалпы ұзындығы 1,8 шақырым жер қалыпқа келтірілген. Игілікке жергілікті тұрғындар разы.

Жергілікті билік қала тұрғындарына жайы орта қалыптастырғанымен, азаматтар сол игілікті бағаламай жататын кездері де жоқ емес. Сондықтан мамандар шымкенттіктерді тазалыққа шақырып отыр.

Әбілқайыр Оңғар, Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы
- Ордабасы алаңынан 1,8шақырым екі жақ бетін абаттандыру. Қошқар ата шымкенттің тарихы. Өзен жағалауына жақын орналасқан үйлер қоқыс тастап, сарқынды суларын жіьеріп жатыр. Бұл жұмыстар табиғи ескерткіштерді күтіп ұстау тек мемелекеттік жұмыс емес. Өзен қанша тұрғынға пайда әкелетінін білген жөн.

 Қошқар ата өзені – Шымкенттің тарихының бастауы. Ол қашанда табиғи ескерткіш ретінде жоғары бағаланады. Әрі қасиеті мол судан жанға дауа тауып жүргендер де баршылық. Сондықтан өзен арнасын абаттандыру ісі шектеліп қалмақ емес. Алдағы уақытта Жангелдин көшесінен Алпысбаев көшесіне дейінгі жағалауды жайқалту жоспарланып отыр.