«Таза Қазақстан» - бұл жаңа Қазақстан. Осылай деген Түркістан қаласының мәдениет қызметкерлері эко челленджді жалғастырды. Олар туризм ордасына тазалық жұмыстарын жүргізіп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосты.
Республикалық деңгейдегі шараға бүгінде қатысушылар саны артқан. Акцияда каналдар мен арық атыздарды тұрып қалған қоқыстардан тазартып, күзгі жаңбыр суының кедергісіз ағуына жағдай жасады. Айналаны қураған шөптен отап, тамақ қалдықтарын жинап шықты. Айтып өтейін, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аптаның әр бейсенбісінде түрлі сала қызметкерлері құрал саймандарын алып, тазалау жұмыстарында белсенділік танытып жүр. Қатысушылар бұл жұмысты әрі қарай жалғастыратынын айтып, тұрғындарды осындай іс-шараға қатысуға шақырды.