Қайнарбұлақ тұрғындарында көптен күткен қуаныш! 60 мыңнан астам халқы бар тұрғын алап көгілдір отынға қол жеткізді. Мегаполис басшысы Ғабит Сыздықбеков арнайы барып, газдандыруға бастау берді. Бұған дейін мұндағы қараша қысты күні көмір жағып, күнделікті тіршілікте сұйытылған газды қолданып келген.

 Газ құбырының құрылысы 2022 жылы басталған. Қала әкімі халықты сапалы қызметпен қамтуда жауапты тұлғаларға газ құбырын ерте кезеңде пайдалануға беруді жеделдетуді тапсырды. Бүгінде абоненттердің 60% - көгілдір отынға қол жеткізді, ал 40% - ы биыл қараша айының соңына дейін қосылады. Тұрғындар қазірден қосылуға өтініш бере алады. Сонымен қатар осы жылдың соңына дейін Ынтымақ-2, Тассай, Бозарық және Көктөбе шағын аудандарының тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.