Shymkent Chess Fest фестивалінің жеңімпаздары белгілі болды. Олар енді әйелдер арасындағы 2024-2025 жылғы Халықаралық шахмат федерациясының Гран – Приінің ІІ кезеңіне жанкүйер бола алады. Оған әлемнің үздік 10 шахматшысы қатысуда. Беделді турнирде ел намысын әйелдер құрамасының көшбасшысы – 45-ші шахмат Олимпиадасының күміс жүлдегері Бибісара Асаубаева қорғауда.

Фестиваль аясында жас шахматшылар блиц ойындар ойнап, түрлі викториналық сұрақтарға жауап берді. Жүзден жүйрік шыққандар Олимпиаданың күміс жүлдегері Ксения Балабаевамен бір мезгілде шахмат ойнады.

 Шахматтың сиқырлы әлеміне енген балалар фестивальден ерекше әсер алғандарын жарыса жеткізді. Жеңімпаздарға кәдесыйлар берілді.

ӘНУАР ТӨЛЕГЕНОВ - ФЕСТИВАЛЬ ЖЕҢІМПАЗЫ

«Мен фестивалге Павлодар қаласынан келдім. Блиц турнирде 100 шахматшыны жеңдім. Қарсыластарым өте мықты болды. Мен бұл фестивальден үлкен тәжірибе жинадым. Енді, әлемнің ең мықты шахматшыларының сайысын көретін боламын. Мен ол жарысты көруді көп армандайтынмын».

 Фестивальдің 6 бірдей жеңімпазы әйелдер арасындағы 2024-2025 жылғы Халықаралық шахмат федерациясының Гран – Приінің ІІ кезеңіне жанкүйер бола алады. Оған 8 мемлекеттен ең үздік 10 шахматшы қатысып отыр. Ел намасын әйелдер құрамасының көшбасшысы – 45-ші шахмат Олимпиадасының күміс жүлдегері Бибісара Асаубаева қорғауда. Ол турнирдің бірінші күнінде болгарлық Нургюл Салимованы жеңіп, екінші күнінде Александра Горячкинамен тең түсті. Бүгін грек қызы Ставрула Цолакидумен кездеседі.