Шымкентте 110 кВ кабельдік желімен жабдықталған 36 МВт қосалқы станция іске қосылды. Салтанатты рәсімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, бұл жобаның энергия тапшылығын болдырмауда маңызы зор екенін атап өтті.

 Бірінші кезеңде 5 221 абонент электр энергиясымен қамтамасыз етіледі, оның ішінде 5 057 жеке және 164 заңды тұлға. Алдағы уақытта қосалқы станция 7500-ден астам абонентті қосып, тұрғындар мен бизнестің сұранысын қамтитын болады. Станция стратегиялық және экологиялық қауіпсіздіктің барлық заманауи талаптарына жауап береді. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін озық технологиялар мен жабдықтар пайдаланылды.