Іздеуде жүрген шетелдік Шымкентте ұсталды. Қалалық полиция департаменті жарты жыл бұрын мемлекетаралық іздеу жарияланған ер адамды құрықтаған. Белгілі болғандай күдікті азамат ғаламторда діни экстремизм идеялары бар материалдарды таратқаны үшін көрші елде қылмыстық тергеуде болған.

«Қазіргі уақытта ұсталған азамат қамауға алынып, оны экстрадициялау мәселесі қаралуда. Бұл туралы ішкі істер минстірлігінің баспасөз қызметі хабарлады.