Әрбір депутат қоғам ішіне ентелей еніп, оның барлық түйіткілінен хабардар болуы тиіс. Мәселелерді түртіп алып, мәжіліс, маслихат отырыстарында көтеруі керек.

Осылай деген жергілікті мәслихаттың үш шақырылым депутаты – Еркін Сатқанбаев: «Депутат халық сенімі! Ал сеніммен ойнап, оған сызат түсірген оңбайды» дейді. Айтуынша, көтерілген мәселе айтылған жерде ғана қалмасы үшін халық қалаулысы түйіткілдің шешілу процессін бастан-аяқ қадағалауы тиіс.

 ЕРКІН САТҚАНБАЕВ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ

 – «Бүгін айқайлап, ертең бола салмайды ол. Бюджеттік қаржыны жұмсаудың өз тәртібі бар. Сондықтан ол мәселені асықпай ойлап, реттеп, жік-жігімен жасау керек.» – «Қазір шешімін таппайтын мәселе жоқ. Қаржы жетеді. Соны ретімен, заңдастырып жасайтын болса қазір істелмейтін ештеңе жоқ» 

 Биыл жергілікті мәслихат жұмысына 30 жыл. Осы аралықта қандай мәселелер көтеріліп, нендей жұмыстар атқарылды? Халық қалаулылары өзіне артылған жауапкершілік жүгін лайықты арқалап жүр ме? Алғанымыз бен алдырғанымыз, алақайымыз бен әттеген-айымыз қандай? Аталған сауалдарға жауап іздеп, мәслихаттың 30 жыл бойы атқарған жұмыстарын сараптау мақсатында жуырда ауқымды жиын өтпек.

ЕРКІН САТҚАНБАЕВ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ

 – «Биылғы жылы, осы Қараша айында.. Шымкен қаласының маслехаты дайындық жасап жатыр. 30 жылдыққа орай бұрын сайланған депутаттардың басын қосып, зиялы қауым, қала басшылығымен бірге мемлекет есеп береді . Қазір соған дайындық жүріп жатыр.» - 11:33