Биыл Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры 95 жылдық мерей тойын тойлайды. Атаулы дата қарсаңында театр әртістері Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында жастармен кездесу ұйымдастырды. Мұндағы мақсат өнер иелерінің өмірін жастарға насихаттау.КСМ: Сапарбай Өтемісов бүгінде драма театрдың ақсақал актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері, Түркістан облысының Құрметті азаматы. Ол өнер ордасына алғаш 1967 жылы келген. 200-ден аса рөлді сомдаған.

САПАРБАЙ ӨТЕМІСОВ – ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ

-Ғайни деген Қазақтың тұңғыш бірінші режиссеры. Сол кісі Асқар тоқпановқа айтты. Мына баламыз актерболғысы келеді орын жоқ. Дегенмен оқу керек деді. Сойтіп тұріме қарады да кел жаздың күні июлбде кел деді. Соның бары не керек 97 жылыбітіріп келдім. 200 жуық рөл ойнадым. Оның 190-ы басты рөлдер.

 Осы уақытқа дейін өнер ордасының тарихы 1934 жылдан басталады деп есептеліп келген еді. Кейін архивтік құжаттарды ақтару барысында Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының өткені 1929 жылдан бастау алатыны белгілі болған. Өнер ордасын әртістері 95 жылда жеткен жетістіктері жайында жастарға айтып берді.

 РАУШАН ТЕҢГІЛБАЕВА – А.ПУШКИН АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ӨНЕР СЕКТОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ

- Театрмен мәдениетсіз халық жоқ дейді ғой. Мәдениет бізде театрдан , кітапханадан басталады ия? Әрине біздің театрда қызмет көрсетіп жатқан осы уақытқа дейін қызмет жасап жатқан аға әпкелеріміз сол жолды, жүріп өткен жолында көптеген еңбектерін көптеген тер төкті. СОндайдыі нәтижесінде осындай дірежеге жетіп отыр.

КСМ: Іс-шараға театр әртістерінен бөлек кітапхана қызметкерлері мен жоғарғы оқу орындарының студенттері мен ұстаздар қатысты.