Кірістер департаментінің басты міндеті салық төлемдерінің толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету.

 Аталған мақсат аясында тиісті басқарма тарапынан сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын салық төлеушілерге қатысты кеден кодексінің тиісті тармақтарына сәйкес камералдық тексеріс жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі қашықтықтан онлайн жасалып, ақау анықталған жағдайда салық төлеушінің электронды кабинетіне тиісті хабарлама жолданады. Мұндай хабарлама заңның тиісті баптарына сілтеме жасай отырып, анықталған бұзушылықты егжей-тегжейлі сипаттап, түсіндіреді.