Жастар ойын арқылы тарихымызды таниды. Өзара тартысты бәсекеде Алаш зиалыларының өмір жолын зерттеп, ерлікке тең ерен еңбегін ұғынады. Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі «Алаш орда тарихының ізімен» атты квест ойын ұйымдастырды.

 Бұл шара сахыналық қойлыммен басталды. Солахқай саясаттың құрбаны болған Алаш ардақтыларының образдары сомдалды. Артынан қаламыздағы жоғары оқу орындарынан келген командаларға тапсырмалар беріліп квест ойын басталды. Жастар зеректілігін танытып, ойларының жүйріктігін көрсетті. Бұл жобаның жастарға берері мол дейді-ұйымдастырушылар.

МАРИЯ АСҚАРОВА, САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

- Жастарды музейге тарихқа қызығушылығын арттыру мақсатында Осы квест ойынын жасауды жөн көрдік Екі ай бұрын алдын ала дайындық жұмыстарын жүргіздік

Тарихты терең танытуға бағытталған квест ойынына 5 команда қатысты. Жас тарихшылар берілген тапсырмаларды жылдам орындап өз-ара жүйріктерін анықтады. Жарыс нәтижесінде бірінші орынды «Алаш мұрагерлері» тобы ұтып алды. Оларға алғыс хатпен қатар Өзбекстандағы тарихи орындарды аралауға жолдама сертификат табысталды.

ЕРНҰРБЕК ІЛИЯС, «АЛАШ МҰРАГЕРЛЕРІ» ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ

- Осындай керемет жарыстар ұйымдастырғандарға көп рахмет.

Елімізде алғашқы болып ашылған музей экспозициялары 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін мен содан зардап шеккен адамдарға арналған. Мұнда 16 мыңнан астам сол жылдардағы құжаттар бар. Музейге жылына 10 мыңға жуық адам келеді екен. Бұл ойын да жастарды тарихымызды тануға қызықтыратын жобалардың бірі.