Бүгінгі медиа: біліктілік және қоғаммен байланыс. Осындай тақырыппен Шымкентте БАҚ және баспасөз хатшыларына арналған семинар-тренинг өтіп жатыр. “Серпіліс” қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған іс-шарада медиа мамандар жасанды интеллектті салада пайдалану, фактчек жасау, фоторепортаж, тағы да басқа тақырыптарды меңгереді. Бірінші күннен-ақ қызықты ұйымдастырылған сабақтың жалғасы сенбі-жексенбі күндері тау барайында ұйымдастырылады. Белесенділік танытқандарды бағалы сыйлық күтіп тұр.

Семинар салтанатты шарамен басталды. Ақпарат айдынында ойып алар орны бар аға буын марапатталды. 60 ты алқымдаған журналистерге қала әкімінің алғыс хаты табысталды. Семинар үш күнге жалғасады. Алғашқы секцияда танымал фотограф Мақсат Шағырбайдың сабағы өтті. Ол әр суреттің бір мағына беретін, туындыны тақырыпқа сай ету үшін қандай тәсіл қолдану керектігін тәптіштеп түсіндірді. Үш күн бойы БАҚ өкілдеріне қажетті түрлі тақырыптар қаузалатын болады.

 БЕЙСЕНКҮЛ НАРЫМБЕТОВА, «СЕРПІЛІС» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ

- Екінші мәселе ол жасанды интелект Біреулер жазып жатыр журналиске керегі не деп Ол журналистке өте керек. Дизайн үшін керек тіпті болмаған жағдайда Үшінші спорт саласы

 Бұл дәстүрлі семинардың БАҚ өкілдеріне берері мол. Әсіресе журналистикаға жаңадан қадам басқан жастар біліктілігін арттыруға мүмкіндік алады.

ГҮЛНҰР СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ, СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУШЫ

- Былтырда осы семинарға қатысқан болатынмын жақсы тақырыптар қозғалды жақсы спикерлер болды. Бүгін тағыда жаңа тақырыптар қосылған. Мысалы жасанды интелект деген сияқты журналистерге қажетті

 Тренингтің негізгі тақырыптары БАҚ-пен жұмыс істеу принциптері: журналистермен және редакторлармен қалай байланыс орнату керек. Баспасөз хабарламалары мен медиа-жоспарларды дайындау. Азаматтық бастамаларды ілгерілету үшін әлеуметтік желілер мен цифрлық платформаларды пайдалану.