Елімізде елге адал қызмет етіп, еңбек жолында толағай табысқа жеткен мамандар көп. Бірақ, Мемлекет басшысының «Ерен еңбегі үшін» медаліне қол жеткізгендер кемде кем. Сондай жетік маманның бірі – Айжан Табылдиева. Ұлағатты ұстаз 35 жыл шәкірт тәрбиелеп, ұлтқа қызмет етіп келеді.

Кейіпкеріміз Айжан Табылдиева бүгінде №90 дарынды балаларға арналған мектеп лицейінің тарих пәнінен дәріс беріп жүр. Әр түрлі байқауларға, ғылыми конференцияларға, пәндік олимпиадаларға шәкірттерін қатыстырып, жас ұрпақтың дарынын ашу жолында аянбай тер төгіп келеді. Осы орайда, «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деген ұлы Абайдың сөзі ойға еріксіз оралады.

«Расында, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі – оқушының болашақ азығы. Шәкірттеріне жақсы ұстаз болып, болашаққа дұрыс бағыт-бағдар бере білген ұлағатты ұстаздың оқушылары халықаралық, республикалық, ғылыми жоба конкурстарында топ жарып жүр.

Ұжымда – абыройлы, беделге ие болған тәжірибелі, үздік маман ретінде артына жас мамандарға жол нұсқаушы-көшбасшы. Айжан Табылдиева өнегелі еңбегі мен тындырымды ісімен және қарапайым да парасатты мінезімен танылған кемел адам десек, артық айтпағаны