«Al – Farabi Bilim» мектебінде «Үздік педагог-2024» байқауы өтті. Мектепішілік сайысқа оқу ордасының білікті ұстаздары қатысып, өз өнерін ортаға салды. Бес кезеңнен тұратын байқауда мұғалімдер  шығармашылық пен шеберлік  әдісі бойынша бақ сынады.
 Байқаудың мақсаты –  мұғалімдердің  шығармашылық мүмкіндігін аша отырып, педагог мамандығының мәртебесін көтеру және кәсіби қызметінде жоғарғы жетістіктерге ынталандыру.
 АБАЙ КУЛТАЕВ  –  «AL-FARABI BILIM» МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
 Қатысушылар өзіміздің 7 ұлағатты ұстаздарымыз. Олар өздерінің өнерлерін және осы уақытқа дейін жинаған тәжірбиелерімен бөліседі. Мектебімізде жас мамандарға үлгі боларлықтай  өнегелерін және тәжірбиелерімен бөлісіп, дағдыларын көрсетпекші.
«Аl-Farabi bilim» мектебінің мұғалімі Роза Асылбаева білім саласында жүргеніне 34 болыпты. Ол осы аралықта түрлі байқауларға қатысып жеңімпаз атанған. «Үздік педагог» сайысында жеңіске жететініне сенімді.
 РОЗА АСЫЛБАЕВА - «AL-FARABI BILIM» МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Мектебіміз ұлы ғұлама Әл-Фарабидің атында болғандықтан біз Әл-Фараби бабамыздың мәдени мұраларын насихаттаймыз. Мектептің ары жа жаны да мұғалім. Мұғалім қаншалықты өнегелі өнерліболса, шәкіртте өрелі болады. Сайсқа қатысып жатқан ұстаздарымыз тәжірбиелі ұстаздар. Өз қабілеттерін, шығармашылық жұмыстарын көрсетеді. Сондықтан әріптестерімен сәттілік білдіремін.
Байқау 5 кезеңнен тұрады. Алдымен ұстаздар өздерін таныстырып, ережеге сай берілген барлық кезеңнің талаптарын орындады. Педагогикалық шеберлігін жан-жақты таныта білгендер қазылар арлқасының жоғары балына ие болды.
 АЗАМАТ СӘЛІКБАЙ – ДЕРБЕС ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
-Қазіргі жарысқа қатысушылар біздің үздік педогогтар. Олардың өнерлері өте жақсы. Әрқайссы бірінен бірі асып түсуде. Әрқайсысы өте үлкен тәжірбиелі мамандар екені көрініп тұр. Және да қазіргігі таңда жаңашылдық жәнеде жаңа инновация  қолдану арқылы біздің ұстаздар өздерінің мамандығынын жаңа қырларын ашу үстінде.
 «Аl-Farabi bilim» мектебіне биыл 5 жыл толып отыр. Осы аралықта білім ұясының ұстаздары арасында түрлі байқаулар ұйымдастырылып келеді. Ал «Үздік педагог» сайысы дәстүрлі түрде өтеді.