Ерекше балаларға жаңаша әдіспен дәріс өткізілді. «Мейірім» апталығы аясында ұйымдастырылған шараға психоневрологиялық ауытқулары бар балалар мен мүмкіндігі шектеулі және тірек қимылы бұзылған жеткіншектер қатысты. Олар тренинг барысында түрлі тақырыпта сурет салып, ой-өрісті дамытуға арналған жатттығуларды жасады.
Алдымен ерекше балалардың көңіл-күйіне назар аударған мамандар тренингті ойын түріндегі жаттығудан бастады. Баланың қабілетіне қарай түрлі тәсілдер қолданылып, тақырып аясында сурет салды.
№5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы 116 орынға арналған. Мұнда туғанынан тағдыр тауқыметін тартқан жеткіншектерге 8 бағыт бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет түрі көрсетіледі. Ол үшін барлық жағдай жасалған.
Семинар-тренинг барысында ерекше балалардың көңілін аулау үшін ән, би сабақтары да өткізілді. Белсене қатысқан жеткіншектерге түрлі сыйлықтар табысталды.